561
Маңғыстау облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды
Осындай қауіпті жағдайларды ескеріп, ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды
Маңғыстау облысында 32 жастағы әйел құтқарылды, деп жазады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Каспий теңізінің жағалауында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде жағадан 30 метр қашықтықта өз бетінше жағаға шыға алмаған 1992 жылы туған әйелді құтқарды. Әйелге медициналық көмек қажет болмады.
Осындай қауіпті жағдайларды ескеріп, ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.