Туды таптады: Футзалшы Игита «Ақтөбе» мен «Астана» жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Игита желідегі парақшасында қарсылас командалардан кешірім сұрады

Туды таптады: Футзалшы Игита «Ақтөбе» мен «Астана» жанкүйерлерінен кешірім сұрады
Желіден алынған
801

Желіде Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының капитаны Игита бастаған футзалшылар автобусқа дейін жанкүйерлер төсеп қойған қарсылас командалардың эмблемаларын басып өткен видео тарады. Оқырмандар спортшылардың әрекетін қатаң сынап жатыр, деп жазады turkystan.kz.

Осы мәселеге қатысты Игита желідегі парақшасында пікір жазып, қарсылас командалардан кешірім сұрады.

«Ақтөбе» мен «Астана» командаларының жанкүйерлерін ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. 

Сіздердің шарфты таптағаным үшін мені кешіріңіздер. Бәрі тез өтіп кетті, видеоны көргеннен кейін ғана оның Ақтөбе мен Астананың шарфы екенін түсіндім. Ақтөбеде де, Астанада да мені ерекше құрметтейді, менде қасақана олардың шарфын таптайтын ниет болған жоқ.

Мен Қазақстандағы футзалды жақсы көремін және дәл осы спорт түрінің елімізде дамып жатқанына қуанамын. Оған Ақтөбенің қосып жатқан үлесі көп. Сонымен қатар футзалға қызығушылық білдіретін ақтөбеліктерге ерекше ризамын, - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары