651
Ақмола облысындағы ауылға қызғылт қоқиқаздар ұшып келді (ВИДЕО)
Видеоны көрген оқырмандар көрініске тамсанып, жарыса пікір жазды.
Ақмола облысындағы Қорғалжын ауылына қызғылт қоқиқаздар ұшып келді. Жергілікті тұрғындардың бірі құстарды видеоға түсіріп алған.
«Қызыл кітапқа енген сирек құстардың бірі – алқызыл қоқиқаздар. Жазда ұшатын аз ғана өңірдің бірі – біздің Қорғалжын», – деді видео авторы Серікбай Жаныбеков.
Айта кетейік, қоқиқаздар көктемде еліміздің солтүстік өңіріндегі Теңіз көліне және Торғай өңіріндегі бірнеше көлге және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына ұшып келеді. Қазан-қараша айларында Иран, Ауғанстан, Пәкістанға ұшып кетеді. Қызғылт қоқиқаздың дене тұрқы жұмырланып келген, аяқтары мен мойыны ерекше ұзын болады. Олар – дүниежүзіндегі аяғы ең ұзын құстардың бірі.