11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 11 маусым, cейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

11 маусымға арналған ауа райы болжамы
Pixabay
489

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.

Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.  11-12 маусым күндері жауын-шашын еліміздің шығыс аймақтарында күтілсе, 13 маусым күні Қазақстанның орталық бөліктерінде жаңбыр жауады. 

Еліміздің солтүстік бөлігінде термометр бағаны +20+25 °С көрсетсе, шығыс пен орталық аймақтарды ауа температурасы +22+32°С-ден  +18+26°С дейін төмендеуі мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік аймақатарында аптап ыстық +33+40°С-ден +25+35°С дейін төмендесе, батыс өңірінде термометр бағаны керісінше +33+40°С дейін жоғарылайды деп болжанған. 

Серіктес жаңалықтары