Бирмингем университетінің докторы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс оқыды

Джон Гудиер журналистика факультетін аралап, студенттермен кездесті.

Бирмингем университетінің докторы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс оқыды
503

Бирмингем университетінің докторы Джон Гудиер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс «Жаһанданған әлемдегі Британ мәдениеті» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. 

Британиялық ғалымның халықаралық коммуникация және тілді зерттеу саласындағы биографиясы кімді болса да қызықтыратыны анық. Соның ішінде Джон Гудиердің тілді зерттеу және оның журналистикадағы қолданысы жайлы білімі мен тәжірибесі студенттерге берері мол.

Джон Гудиер ағылшын тілі оқытушысы ретінде шетелдерде дәріс бере жүріп, бірнеше БАҚ-та қатар қызмет атқарған. Шетелдегі Тіл, мәдениет, өнер тарихы және музыка саласындағы жыл төрағасы. Конфуций университеті Гронинген институтының Global China Insights (GCI) журналының бас редакторы. Ольденбургтегі неміс-қытай достығы қоғамының төрағасы (2015-2019), Шлезвиг Нордтағы Неміс-британ қоғамының құрметті мүшесі, Cambridge Boxhill компаниясының тәуелсіз сарапшысы, кәсіби ағылшын тілі (OET) Language Assessment Pty Ltd (CBLA) сарапшысы. Неміс және еуропа зерттеулері  (IGES) институтының кеңесшісі,  Air Speak авиациядағы ағылшын тілін тестілеу мен бағалау компаниясының кеңесшісі.

Іс-шараны ұйымдастырған профессор, халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Алмаш Сейдикенова "Біз Джон Гудиердің қолдауымен мәдениетаралық қатынастар мен тілді зерттеу, медиа жобаларға ұсыныстар жібереміз деп келістік", – деп атап өтті.

Дәрістен соң Джон Гудиер журналистика факультетін аралап, студенттермен кездесті. Халықаралық басылымдарда журналист, редактор қызметтерін атқарған британиялық ғалым Кино&Медиа мамандының 2 курс студенті Азамат Смаил мен Журналистика мамандығының 3 курс студенті  Аднан әл-Хаттабқа  сұқбат берді.

Серіктес жаңалықтары