Жезқазғандағы 12 білім беру ұйымының былығы ашылды

Қабылданған шара нәтижесінде қосымша келісім жасалған.

Жезқазғандағы 12 білім беру ұйымының былығы ашылды
сурет: istockphoto.com
340

Ұлытау облысының жалпы білім беру ұйымдары азық-түлік және қажет тауарлардың бағасын негізсіз қымбаттатқаны анықталған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

Жезқазған қаласының 12 мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ЖК-дан сатып алу жоғары бағамен жүзеге асырылғаны анықталған.

Өндіруші зауыттан тұтынушыға дейінгі бағаның айырмашылығы: қант 303 тг/кг мен 750 тг/кг (147%), қарақұмық жармасы 232 тг/кг мен 580 тг/кг (150%); айран 2,5% 450 тг/л. мен 179 тг/л. (135%); нан 475 тг/дана мен 85 тг/дана (274%); тауық жұмыртқасы 65 тг/дана мен 43 тг/дана (51%), - деп жазылған ресми ақпаратта.

Қабылданған шара нәтижесінде өнім берушімен қосымша келісім жасалған, оның қорытындысы бойынша нан, ұн, қант, өсімдік майы, айран, қарақұмық, күріш, сәбіз, пияз, тұз, жұмыртқа және картоп сияқты 12 тауар бағасы түсті. Осылайша, 17 млн теңгеден астам қаражат үнемделген.

Серіктес жаңалықтары