1758
«Бәрі шіріген»: Мақпал Жүнісова тозығы шыққан төрт қабатты үйін көрсетті (ВИДЕО)
Оның айтуынша, үйінің құбырлары тозған.
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында тозығы шыққан ,бірнеше қабатты үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
Оның айтуынша, үйінің құбырлары тозған.
«Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой», - деді өнер иесі
Желі қолданушылары «неше жыл бұл үйде тұрдыңыз, неге шетінен жаңарта бермегенсіз», «4 қабаттың бәрін қайтесіз, сіңлім, оны күтіп ұстау оңай емес қой», «Құдай қуат берсін» деп жазды.