Шымкент қаласының әкімдігі маңызды үндеу жасады

Қала басшысы мен оның орынбасарлары, басқарма басшылары барлық хабарламаларды тек жеке телефондар мен ресми аккаунттардан жіберетіні айтылған.

Шымкент қаласының әкімдігі маңызды үндеу жасады
otyrar.kz
617

Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына ведомство атынан таратылып жатқан хабарламалар «жалған ақпарат» екенін мәлімдеді.

«Ақпаратты интернет-алаяқтар жіберуде. Өтініш жалған ақпараттық бюллетеньге сенбеңіздер, қаражат аудармаңыздар, сондай-ақ күмәнді сілтемелер бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз», - делінген Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса, қала басшысы мен оның орынбасарлары, басқарма басшылары барлық хабарламаларды тек жеке телефондар мен ресми аккаунттардан жіберетіні айтылған.

«Егер сіз қоңырау немесе фотосурет хабарын алсаңыз, бірақ ол жасырын нөмірден болса, елемеуіңізді сұраймыз. Сізді мұқият болуға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз. Түсінгеніңіз үшін рахмет!», - делінген Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары