Ауылда жұмыс істегісі келетін жас мамандарға берілетін сома 369 мың теңгеге дейін көтеріледі – Министрлік

Аудан орталықтарына баратын қызметкерлер 0,01 пайызбен 9 миллионнан астам теңге, ауылда еңбек ететіндер 7 миллион теңгеге несие рәсімдей алады.

Ауылда жұмыс істегісі келетін жас мамандарға берілетін сома 369 мың теңгеге дейін көтеріледі – Министрлік
www.istockphoto.com
608

Елімізде қаладан ауылға жұмыс істеуге баратын мамандарға берілетін төлем сомасы көбейтілмек, деп хабарлайды turkystan.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

 Ұлттық экономика министрлігі бағдарламаға өзгертулер енгізіп, жаңа жобаны қоғам талқысына шығарған болатын. Нәтижесінде өзгертулер енгізіліп, ұстаздар, дәрігерлер, ауыл шаруашылығы мамандарына берілетін қаражат сомасы 369 мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ,  тұрғын үй алуға берілетін қаржы да ұлғайған. Аудан орталықтарына баратын қызметкерлер 0,01 пайызбен 9 миллионнан астам теңге, ауылда еңбек ететіндер 7 миллион теңгеге несие рәсімдей алады. Жалпы, 2009 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан бағдарламаға дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік көмек қызметкерлері, мәдениет пен спорт мамандары мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері қатыса алады.

Гүлмира ТЫНАБЕКОВА, ҚР ҰЭМ Ауылдық және шекара маңы аумақтарын дамыту басқармасының бас сарапшысы:

– Негізгі талаптардың бірі бюджеттік кредит берген кезде. Соңғы екі жылда қызмет алушының 90 күннен асқан берешегі болмауы керек. Яғни, мерзімінен кешіктіріп өтеген кредиті болмауы қажет. Мұндай әлеуметтік қолдау шараларына ие болған маман өзіне осы ауылдық елдімекенде үш жыл жұмыс жасауға міндеттеме алады.    

Серіктес жаңалықтары