468
Алматы-Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып кетті
Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты.
12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді.
«Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ПД.