«Өлім жағдайында жатыр»: Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті

Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған.

«Өлім жағдайында жатыр»: Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті
Көрнекі сурет. Фото: Қорғаныс министрлігі
866

Жамбыл облысы Қордай ауданында мерзімді әскери қызметші клиникалық өлім жағдайында ауруханада жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, қазір  жігіттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты nur.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 маусымда сағат 08:18-де Гвардейск әскери госпиталінен жедел медициналық көмек көрсетілуі үшін «полисегментарлық пневмония» диагнозымен түскен.

«Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, жігіт 9 маусымнан бері клиникалық өлім жағдайында.

«Қазіргі таңда науқастың жағдайы тыныс алу, жүрек, гепатореналды, церебралды органдардың жеткіліксіздігі және инфекциялық токсикалық шокқа байланысты өте ауыр», - деді дәрігерлер.

Науқас гемофильтрациядан өтетіні және оған дәрі-дәрмек тағайындалатыны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары