"Атқораға ұқсайды": Депутат вокзалдарды жөндеуге бөлінген қаражат қайда жұмсалып жатқанын сұрады

Депутаттың сөзінше теміржол билетінің құнына вокзалдарды күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаражат та кіреді.

"Атқораға ұқсайды": Депутат вокзалдарды жөндеуге бөлінген қаражат қайда жұмсалып жатқанын сұрады
сурет: istockphoto.com
454

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Толықбай еліміздегі теміржол вокзалдары жөндеу көрмейтінін айтып, ҚТЖ өкіліне сұрақ қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Депутаттың сөзінше теміржол билетінің құнына вокзалдарды күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаражат та кіреді. Дегенмен, кей вокзалдар атқораға ұқсайтыны қаражаттың өз мақсатына жұмсалмай жатқанын білдіретінін айтқан ол ҚТЖ өкілінен осы мәселенің себебін сұрады. 

ҚТЖ өкілі депутаттың сауалына жауап беріп, қазір вокзалдарға емес, жолға көп ақша жұмсалып жатқанын жеткізді.

Қазір вокзалдарды да жөндеп жатырмыз, бірақ қаражаттың көбі жолға кетіп жатыр. Бөлінген бюджет бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ол көбінесе теміржол вокзалдарының іші-сыртын ақтауға ғана жетеді, – деп жауап берді ҚТЖ өкілі.

Серіктес жаңалықтары