«Елімізде доп ұстап көрмеген футбол «сарапшылары» жетерлік» – құрама ойыншысы

Әлібек Қасым ұлттық құрама ойындарын сынайтындарға жауап берді.

«Елімізде доп ұстап көрмеген футбол «сарапшылары» жетерлік» – құрама ойыншысы
ҚФФ
848

Футболдан Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» клубының қорғаушысы Әлбек Қасым ұлттық команданың қорғанысындағы оң жақ қаптал әлсіз дегендерге жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист: Бапкерлер мен функционерлер Қазақстан құрамасының қорғанысындағы оң жақ қаптал әлсіз екенін баса айтады. Бұл пікірмен келісесің бе?

Әлібек Қасым: Қазақстанда доп ұстап көрмеген футбол «сарапшылары» жетерлік. Олар бұл туралы айта берсін, кімнің мықты, кімнің осал екенін уақыт көрсетеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы кеше Венгрияда өткен жолдастық кездесуде Әзербайжан командасына 2:3 есебімен ұтылып қалды. Қазақстан сапында Ян Вороговский мен Максим Самородов гол салды.

Серіктес жаңалықтары