«Бұрын полиция қызметкері болған»: Қарағандыда 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Қарағанды облысының полиция департаменті болған жағдайды растады.

«Бұрын полиция қызметкері болған»: Қарағандыда 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды
istockphoto.com
410

Қарағанды тұрғыны өз үйінің ауласында өз-өзін атып өлтірген. Жантүршігерлік жағдай 10 маусым күні болған. Алайда ол туралы 12 маусымда ғана белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап

Әлеуметтік желіден тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып тастап, өзі үйіне келіп атылып өлген.

Марқұмның бұрын полиция болып қызмет атқарғаны белгілі болды.

Қарағанды облысының полиция департаменті болған жағдайды растады.

«10 маусым күні Қарағандыда өз үйінің ауласынан өз қаруынан атылып өлген 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Дерек полицияға тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Серіктес жаңалықтары