Қазақстандық офицер Ресейде 5 жастағы баланы ажал аузынан алып қалды (ВИДЕО)

ІІМ Ұлттық ұлан офицерінің қырағылығы мен ептілігі Ресейдің облыс орталығындағы қайғылы оқиғаның алдын алды.

Қазақстандық офицер Ресейде 5 жастағы баланы ажал аузынан алып қалды (ВИДЕО)
506

Қазақстандық офицер Ресейде 5 жастағы баланы ажал аузынан алып қалды, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 маусымда сағат 19.30 шамасында подполковник Жандос Нұрахметов баласымен Кастрома қаласының Галичская көшесінде серуендеп жүргенде, №51 үйдің 2 қабатынан 4-5 жастағы баланы байқайды. Ол ашық терезеден ойыншық, киім, сөмкелерді лақтырып жіберген.

– Мен өтіп бара жатқан тұрғындардан жалғыз отырған бала мен оның ата-анасы туралы сұрай бастадым. Балаға ішке қарай кір деп, қауіпті түсіндірмек болдым. Алайда балақай құлақ аса қоймады. Сол маңда тұратын бір әйел келіп, бұл баланың церебральды сал ауруы бар екенін айтты. Осы уақытта бала терезе арқауына асылып, сыртқа шығуға ұмтылды. Оның құлап кететінін сезіп, бар даусыммен айқайлай бастадым. Үй ішінде ересек адам болса, дауысты естісін деп. Алайда, ойланып, біреудің шыққанын күтіп тұратын артық уақыт болмады. Дереу құбыр арқылы 2 қабатқа көтеріліп, баланы ақырын терезеге сүйреп апардым. Баламен бірге пәтерге кіріп, үйде ешкім жоқ екенін түсіндім. Мен кетсем, тағы қайталап жүрер деп, балақайды көшеге алып шығып, ата-анасын жақсы танитын көршілеріне тапсырдым, - деді ұландық офицер.

Айта кетейік, подполковник Жандос Нұрахметов бүгінде Ресей Федерациясының Кострома қаласында Кеңес Одағының маршалы С.К. Тимошенко атындағы радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау Әскери академиясының тыңдаушысы. Қазіргі уақытта Қазақстаннан жоғарыда аталған Академияда алты курсант, екі тыңдаушы және бір адъюнкт білім адып жатыр. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы облысының Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөлімінен аталмыш білім ордасына оқуға түскен. Бір айжан кейін бітіреді. Үйленген, бір жарым жасар ұлы бап.

 

Серіктес жаңалықтары