Семейде «өрмекші адам» пайда болды (ВИДЕО)

Семей көшелерінің бірінде темір бағаналарға өрмелеп жүрген «өрмекші адам» камераға түсіп қалды.

Семейде «өрмекші адам» пайда болды (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz
401

Фильмнің кейіпкерін полиция қызметкері алып кеткен сәт кадрға іліккен, деп хабарлады turkystan.kz.

Әйгілі супер қаһарман костюміндегі белгісіз адам бірнеше күннен бері қаланы аралап жүр. Ол осы әрекеті арқылы өзіне көптің назарын аудара білді. Оның бұл іс-әрекеті тәртіп сақшыларына ұнамай қалған тәрізді.

"Учаскелік полиция инспекторы «супер қаһарманнан» темір тіреуіштерден түсуін сұрады. Өйткені ол оның қауіпсіздігіне алаңдады. Полицей жас жігіттің небәрі 16 жаста екенін білген соң, оны үйіне апарып, анасының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізлі. Сондай-ақ мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударды", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті

Белгілі болғандай, жас жігіт мұндай әрекетке TikTok желісіне видео түсіру үшін барған. Бір қызығы «өрмекші адамның» учаскелік полиция инспекторымен кетіп бара жатқан видеоны көрген желі қолданушылары әртұрлі пабликтерде оны босатуды сұраған.

Серіктес жаңалықтары