Тергеу басталды: Dior сән үйіне қатысты шу шықты

Dior иесі Бернард Арно 2 жыл қатарынан әлемдегі ең бай миллиардер деп танылған болатын.

Тергеу басталды: Dior сән үйіне қатысты шу шықты
сурет: istockphoto.com
379

Dior сән үйі мигранттарды қанады деген күдікке ілінді. Италияда тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы fortune.com жазды.

Ақпаратқа сүйенсек, қосалқы мердігерлер 32 мигрантқа заңсыз жұмыс істеткен. Олар жұмыста ұйықтаған, сондай-ақ өндірісті жеделдету үшін тігін машиналарындағы қорғаныс механизмдері алынып тасталыпты. 

Естеріңізге сала кетейік, Dior иесі Бернард Арно 2 жыл қатарынан әлемдегі ең бай миллиардер деп танылған болатын.

Серіктес жаңалықтары