524
Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады
Қазгидрометтің мәліметінше, 14-15 мамыр күні нөсер салдарынан су жиналып, су басу ықтималдығы бар.
Алматыда нөсер жауып, найзағай ойнап, ірі бұршақ жаууы мүмкін.
Алматылықтарға екпіні секундына 15 метрге жететін жел соғып, нөсер мен бұршақ болатыны туралы SMS ескерту келді.
Қазгидрометтің мәліметінше, нөсер салдарынан су жиналып, су басу ықтималдығы бар.
«14-15 мамыр күні Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында және Алматыға іргелес аумақтарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты еңісті ағын сулардың жиналуынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, су басуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Қауіпті деңгейден асқан кезде өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.