Pinduoduo-дан тауар аламын деп 4 азамат алданып қалды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Pinduoduo-дан тауар аламын деп 4 азамат алданып қалды
сурет: istockphoto.com
378

Ақтөбеде Pinduoduo-дан тауар аламын деп 4 азамат алданып қалған, полиция алаяқты ұстады. Бұл туралы polisia.kz хабарлады

Ақтөбе облысының тұрғыны Instagram-да turkey_pinduoduo деген парақша ашып, бірнеше азаматты алдаған.

Мысалы шаңсорғыш сатып алғысы келген Өскемен қаласының тұрғыны күдіктімен хат алмасып, оған 70 мың теңге аударған. Алайда тауарды ала алмаған. Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған ресми хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары