470
Теннисші Александр Бублик Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты
Енді Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен кездеседі.
Александр Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 135-орында тұрған сербиялық Хамад Меджедовичпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Бублик айқын басымдық көрсетті. Есеп – 6:1. Екіншісінде тай-брейкте матчты бітіре алды. Есеп – 7:6 (7:4).