Алматы облысында ер адам тәртіп сақшысына шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Оқиға 12 маусым күні жол бойында болған.

Алматы облысында ер адам тәртіп сақшысына шабуыл жасаған (ВИДЕО)
коллаж: turkystan.kz
378

Алматы облысында тәртіп сақшысына шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабаралды turkystan.kz.

"12 маусымда әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде жол таңбалау ережелерін сақтамағаны үшін жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mercedes-Benz көлігі тоқтатылды Автокөлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында 20 жастағы жолаушы полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірді Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Билік өкіліне күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Болған оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары