Паралимпиада-2024: Қазақстандық спортшы тұңғыш рет пара үстел теннисінен жолдама ұтып алды

Бұл – құрама қоржынына келіп түскен 13-жолдама.

Паралимпиада-2024: Қазақстандық спортшы тұңғыш рет пара үстел теннисінен жолдама ұтып алды
Туризм және спорт министрлігі
471

Пара үстел теннисінен 8-ші санатта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Әли Мақұлбеков XVII жазғы Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әли Мақұлбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Бұл – Паралимпиададан ел қоржынындағы 13-лицензия. Бұған дейін, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таэквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетсек, XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары