502
Қазақстандық Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атанды
20 жастағы спортшы FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 жасөспірімдер әлем чемпионатында топ жарды.
Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 чемпионаты 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті.
Айта кетейік, әлем біріншілігінде 123 қатысушы, оның ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шеберлер бақ сынады.
Қазыбек Нөгербек — шахматтан Қазақстан құрамасының мүшесі, KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының грант иегері.