Алматы маңында жер сілкінді

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 13 маусымда Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді.

Алматы маңында жер сілкінді
istockphoto.com
522

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, табиғи апат Алматы уақытымен 22 сағат 25 минутта болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқаны белгілі болды.

Анықталғандығы туралы мәліметтер (шкала бойынша): Алматы қаласында - 1,6 балл, Талғарда - 1,4 балл.

Бүлінген ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары