2 мыңнан астам жемқорлық әрекеті анықталды

Бүгінде комплаенс-қызметтер осы сектордың 6 мыңнан астам ұйым­дарында жұмыс істейді.

2 мыңнан астам жемқорлық әрекеті анықталды
сурет: istockphoto.com
415

2020 жылы қабыл­дан­ған «Сы­бай­лас жемқорлыққа қар­сы іс-қи­мыл туралы» заңда ал­­­ғаш рет жемқорлыққа қар­сы комп­лаенс институты іске қосылған болатын. Оның не­гізгі міндеті – жемқорлық құ­қық бұзушылықтардың алдын алу және квазимемлекеттік сек­торда сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы заңнаманың сақ­талуын қамтамасыз ету.

Бүгінде комплаенс-қызметтер осы сектордың 6 мыңнан астам ұйым­дарында жұмыс істейді. 2022 жыл­дан бастап олардың атқару­шы органнан тәуелсіздігі қамтама­сыз етілді, олар тек жоғары бас­қа­ру органына есеп береді. Ал 2023 жыл­дан бастап Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы қызметке жемқор­лық­қа қарсы комплаенс-қызмет­тер­дің қызметін үйлестіру және бі­рыңғай үлгілік ережені әзірлеу құ­зыреті берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызмет 2023 жылы комплаенс-офи­церлердің біліктілігін арт­тыру мақсатында 10-нан астам кон­ференциялар мен семинарлар өт­кізді. Еліміздің барлық өңір­ле­рінде «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы комплаенс мектептері» ұйым­дастырылған, онда жетекші отан­дық және халықаралық са­рап­шылардың қатысуымен оқыту жүргізіледі. 
Нәтижесінде, өткен жылы ға­на комплаенс-офицерлер 2,2 мың­нан астам жемқорлық әре­ке­тін анықтаған. Олардың ішінде 70 мүдделер қақтығысы және бұрын жемқорлық құқық бұзушылық жа­саған адамдарды жұмысқа қа­был­даудың 5 фактісі бар. Барлық аталған фактілер бойынша тиісті шаралар қабылданып, квазимем­ле­кеттік сектордың 5 басшысы әкім­шілік жауапкершілікке, ал 57 адам тәртіптік жауапкершілікке тар­тылды.
Институт қызметін жетілдіру мақ­сатында Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы қызмет комплаенс-про­цестерді автоматтандыру бойын­ша жұмыс жүргізуде. Бұл сын-қатерді азайтуды, есеп беру және бақылау процестерін жақ­сартуды, ашықтық пен тиімділікті арттыруды қамтамасыз етеді.
Жалпы, Қазақстандағы жем­қорлыққа қарсы комплаенс инс­титуты даму үстінде. Ал қабылда­нып жатқан шаралар корпоратив­тік парасаттылықты арттыруға жә­не жемқорлық тәуекелдерін тө­мендетуге ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары