Әскерилер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындық

Кездесу барысында тараптар әлем чем­пионатын ұйымдастыру мәселелерін тал­қылап, әріптестікті нығайтуға және әс­кери спорт дәстүрлерін арттыруға өза­ра жәрдемдесуге ниет білдірді.

Әскерилер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындық
478

Қорғаныс ведомствосына халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) күрес жөніндегі спорт комитетінің президенті майор Насер Хассани келді.

Халықаралық ұйымның өкілімен Қор­ғаныс министрлігі аппаратының бас­шысы полковник Ербол Құмарбекұлы жә­не Спорт комитетінің төрағасы пол­ковник Арман Әбеуов кездесті.
79-Бас ассамблея мен СІЅМ Конг­ре­сі­нің отырысында Қазақстан Қорғаныс ми­нистрінің дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйы­мының Мәдени мұра тізіміне енгізіл­ген қазақ күресінен жарыстар ұйым­дас­тыру туралы бастамасы айтылып, 2025 жы­лы елімізде спорттың осы түрінен әс­кери қызметшілер арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу ұсынылған болатын.
Осыған орай Халықаралық әскери спорт кеңесі күрес жөніндегі спорт ко­ми­тетінің президенті майор Насер Хас­сани халықаралық ұйым аясында әскери қыз­метшілер арасында алғашқы әлем чем­пионатын өткізу мүмкіндіктерін зер­делеу мақсатымен Қазақстанға келді. 
Кездесу барысында тараптар әлем чем­пионатын ұйымдастыру мәселелерін тал­қылап, әріптестікті нығайтуға және әс­кери спорт дәстүрлерін арттыруға өза­ра жәрдемдесуге ниет білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, CISM – әлем­нің 140 елінің әскери қызметшілерін бірік­­­тіретін ең ірі пәнаралық спорттық ұйым­дардың бірі. «Спорт арқылы Дос­тық» ұранын ұстанатын ұйым бейбіт­ші­лікті нығайту құралы ретінде спорттың дамуына ықпал етіп келеді.

Серіктес жаңалықтары