«Бәстескен»: 17 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен.

«Бәстескен»: 17 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті
Turkystan.kz
475

12 маусымда Астанада жасөспірім өзеннің бір жағасынан екінші жағына жүзіп өте аламын деп достарымен бәстескен. Бірақ бәс қайғылы оқиғамен аяқталды.

Сағат 19:02-де Астана қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жасөспірімнің денесін судан шығарып алды.

«12 маусымда Астанада Есіл өзенінде 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр», - делінген Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.

Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.

Серіктес жаңалықтары