Парламент: Судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі

Сот жюриімен сот ісін қарау кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуының әрбір фактісі бойынша судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексерудің жаңа тетігі енгізіледі.

Парламент: Судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі
Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі
787

Парламент сот жүйесі туралы Конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын парламентарийлер Мемлекет басшысының сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру қажеттігі жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді. Оның мақсаты – сот жүйесін одан әрі дамыту.

Атап айтқанда, сот жюриімен сот ісін қарау кезінде заңдылықтың өрескел бұзылуының әрбір фактісі бойынша судьяға қатысты тәртіптік іс материалдарын тексерудің жаңа тетігі енгізіледі, бұл судьялар тарапынан заң бұзушылықтарды болдырмауға оң әсерін тигізетін болады.

Түзетулер аясында Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі өзгереді. Сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері күшейтіледі.

Серіктес жаңалықтары