Қызылжар ауданында бір отбасы уланды: 2 бала қайтыс болды

Оқиға 13 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған.

Қызылжар ауданында бір отбасы уланды: 2 бала қайтыс болды
istockphoto.com
603

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында астан уланған бір отбасы ауруханаға түсті. Екі баланы дәрігерлер ажалдан құтқара алмады.

Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына және тағы үш адамның ауруханаға түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды, тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді. 

Серіктес жаңалықтары