«Жігіттікке жатпайды»: Хит әндерге сөз жазған ақын Тұрсынбек Қабатовқа өкпелі

Басында Тұрсынбектің олай істегенін де білген жоқпын

«Жігіттікке жатпайды»: Хит әндерге сөз жазған ақын Тұрсынбек Қабатовқа өкпелі
видеодан скриншот
1266

Бірнеше хит әндерге сөз жазған белгілі ақын «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасына берген сұхбатында белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ренжігенін айтты.

Ершат Қайболдин «Қайырлы кеш, Қазақстан» атты концертте сахнаға шығып өлең оқып тұрғанда артында тұрған Тұрсынбек Қабатовтың бет-ауызын жыбырлатып тұрған әрекеті жігіттікке жатпайды дейді.

«Бұл жігіттікке жатпайды. Мұсылмандыққа да жатпайды. Бағдарламаға шыққан кезде Тұрсынбектің олай істегенін де білген жоқпын. Кейін теледидардан көрдім. Мен абыройымды көтеріп берер деп ойладым. Жершілдікке бөлінгенім емес. Екеуіміз де Батыстанбыз ғой. Алдымыздағы ағамыз ғой. Мысалы, Уәлибек сахнаға Заттыбек пен Қайрат Нұртасты шығарып, мақтауын келтірді. Мені де солай көтеріп, жұлдызымды жағып жібере ме деп ойлап едім. Олай болмады. Арттан күлетін адам көп қой негізі. Кейін өлең шығардым», – дейді ақын.

Ершат Қайболдин «Сен қорқақсың»,  «Еркекпін мен», «Достарға», «Махаббатым», «Биле, жеңге», «Көріктім», «Ұлыма ақыл» секілді әндердің сөзін жазған.

Серіктес жаңалықтары