Әзіл-сықақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов кино саласына бет бұрды

Уәлибек Әбдірайымов бұған дейін кино индустрияда неге бақ сынап көрмегенін айтты.

Әзіл-сықақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов кино саласына бет бұрды
Сурет: https://stan.kz
607

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов "Кеттік бәрін таста" атты толықметражды фильміне түсіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

"Көп киноға түсуге өзім қорықтым. Өйткені, мен кино актері емеспін. Маған ұсынылған сценарийлерге де жауап бере алмадым. Себебі ол жердің талабы бөлек. Өзімді камера алдында ойнай алатын актер емеспін деп ойладым. Бірақ бұл ойымнан айнып қалдым. Соңғы шығып жатқан киноларды қарап жүрдім. Жастар керемет леп алып келді", - деді актер "Revue News" бағдарламасында.
 

Серіктес жаңалықтары