469
16 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, алты облыста қатты ыстық болады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді. Найзағай ойнап, еліміздің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Тек оңтүстігінде және республиканың орталығында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша жел күшейеді.