620
«Меломен» тобының әншісі халықтан кешірім сұрады
Өнер иесі ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтты
"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов желідегі парақшасында халықтан кешірім сұрады, деп жазады turkystan.kz.
"Көпшілігі "кім таяқ жемей жатыр" деген менің сөзіме наразы болып, "өзіңіз де әйеліңізді ұрасыз ба" деп жатыр. Жоқ, құрметті достар. Ойланып қарасақ, мен дұрыс жеткізбеген шығармын. Алайда бұл сөз зорлық-зомбылықты қолдаймын деген сөз емес. Әпкем-қарындасым бар, әйелім, тәп-тәтті қызым бар. Мен бұл нәрсені ешкімге қаламаймын. Сондықтан ер-азамат ретінде хақыларыңызға өтіп кетсем, бұл сөз арқылы кешірім сұраймын. Қоғамда бәрі ұрыс-керістен ажырасып жатыр. Сондай мағынада бұл сөзді айтқан едім", - деді ол.