426
«Астана-Зеленстрой» бұрынғы бас директоры күдікке ілінді
Ол құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті.
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны және алаяқтық жасағаны үшін күдікті.
Бұдан басқа, тапсырыс берушілері — Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарына көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстың құнын арттыру арқылы өз лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.