Жұмыста кофе ішу өмірді ұзартады – Қытай ғалымдары 10 жыл жүргізген зерттеуін қорытындылады

Сондай-ақ, кофе ішу бір орында тапжылмай жұмыс істеудің зиянын жоятыны айтылған.

Жұмыста кофе ішу өмірді ұзартады – Қытай ғалымдары 10 жыл жүргізген зерттеуін қорытындылады
сурет: istockphoto.com
573

Жұмыс кезінде кофе ішу мезгілсіз өлім қаупін 33%-ға төмендетеді, бұл Қытай ғалымдары 10 жыл жүргізген зерттеудің қорытындысы. 

Бұл туралы BMC Public Health денсаулық сақтау салаларына қатысты ғылыми мақалалар жарияланатын рецензияланған журналда жарияланған мақалада айтылады.

Мақалаға сүйенсек, жүргізілген тәжірибе нәтижесінде күніне 2-3 шыны аяқ кофе ішкен қызметкерлер онкологиядан, қант диабетінен және жүрек ауруынан аз зардап шеккен.

Сондай-ақ, кофе ішу бір орында тапжылмай жұмыс істеудің зиянын жоятыны айтылған.

Серіктес жаңалықтары