Ақмола облысында жоғалып кеткен Ресей азаматы өлі табылды

Ер адам алдымен Петропавлдағы туыстарына, содан кейін Щучье қаласына барып, хабарсыз кеткен.

Ақмола облысында жоғалып кеткен Ресей азаматы өлі табылды
istockphoto.com
467

Ақмола облысында жоғалған Ресей азаматы өлі күйінде табылды. Полиция күдіктіні ұстады.

Жоғалған ер адамға қатысты іздеу жарияланғанын волонтерлер әлеуметтік желіге жариялады. Онда Калининград облысының 39 жастағы тұрғыны 2024 жылдың 9 маусымынан бастап, туыстарымен байланысқа шықпай қойғаны айтылады. Ер адам алдымен Петропавлдағы туыстарына, содан кейін Щучье қаласына барып, хабарсыз кеткен.
Артынша, жоғалған ер адамның өлтірілгені анықталды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталып, үстінен «кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу басталған.

«Жедел - іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында қылмыс жасауға қатысы бар адам анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан. 

Осы ретте, тәртіп сақшылары ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жарияламай отыр.

Серіктес жаңалықтары