Қазақстан футбол федерациясы «Астана»-«Ордабасы» кездесуінде қателік жіберген төрешіні жарыстардан шеттетті

«Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешім – қате».

Қазақстан футбол федерациясы «Астана»-«Ордабасы» кездесуінде қателік жіберген төрешіні жарыстардан шеттетті
ҚФФ
540

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиыны кезінде ҚР Премьер-лигасының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады, деп хабарлайды turkystan.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, бірауыздан мынадай шешім қабылдады: 

– Төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын.

Төрешілер комитетінің отырысында бір маусымда бір командаға қарсы жіберілген екі шешуші қателіктен кейін Премьер-лиганың төрешісі Артем Кучинді (Қарағанды) жылдың соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтардан шеттету туралы шешім қабылданды. 

Серіктес жаңалықтары