Германияда жоғалып кеткен қазақ әйелге қатысты тың мәлімет айтылды

Қазіргі таңда жоғалып кеткен қазақстандықтың анасы мен ағасы Германияға кеткен.

Германияда жоғалып кеткен қазақ әйелге қатысты тың мәлімет айтылды
522

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен экс-судья Айгүл Сайлыбаева жайлы тың ақпарат айтты.

«Қазіргі таңда жоғалған азаматшаның анасы мен ағасы Германияда. Оларға виза алуға көмектестік. Полициямен тығыз байланыстамыз. Жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада ақпарат болады деп күтеміз. Әзірге бар ресми ақпарат осы»,- деді Смадияров министрліктің дәстүрлі брифингінде.

Еске салсақ, 2024 жылдың  3 маусымында  Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кетуіне қатысты туыстары Қазақстанның Франкфурт-на-Майнедегі бас консулдығына хабарласқан болатын. Бас консулдық бұл өтінішті ерекше бақылауға алған. Айгүлге күйеуі Александр Донцов пен оның анасы ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған деген мәлімет бар. Олардың 3 жасар Жаклин есімді қызы бар.

Серіктес жаңалықтары