400
Оралда өз-өзіне қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды
Оқиға 17 маусым күні кешкі сағат 17.50-де болған.
Орал қаласында өз үйінен 1965 жылғы ер адамның денесі табылды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 маусым күні болған. Кешкі сағат 17.50-де өзіне-өзі қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды.
«Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді», - деп хабарлады ведомстводан.