«Сенің фигураң мынандай»: Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев жастарға үндеу жолдады

"Қазақ әндерін қағытпа қалжыңмен, астарлы әзілмен жеткізуге болады"

«Сенің фигураң мынандай»: Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев жастарға үндеу жолдады
instagram.com/saken_maigaziyev
596

МузАрт тобының әншілері Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаев «Қызық таймс» бағдарламасында орысша сөздерді араластырып, ән айтып жүрген жас әншілерді тілімізді шұбарламауға шақырды.

«Әсіресе, жастар той екен деп айта береді. Оның да мәдениеті болу керек. Орысша араластырған, көңіліне тиіп қалмасын, маған ұнамайды. Өте сүйкімсіз. Онсыз да қазақ әндерін қалжыңға келтіріп, қағытпа қалжыңмен, астарлы әзілмен жеткізуге болады деп ойлаймын. Бірақ араластырып, «Сенің фигураң мынандай» дегендерді, шынымды айтсам суқаным сүймейді. Өйткені біз өз тілімізді өзіміз ластап жатырмыз. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты дейміз. Бірақ тіліміздің шұбарланып жатқанына менің көңілім толмайды», – дейді Сәкен Майғазиев.

Оның сөзін іліп әкеткен Мейрамбек Беспаев та жастардың ондайға құмар болуын құптамайтынын айтты.

«Бұрын аталарымыз айтқан шығар. Ал қазір бізді не қара басып қалды? «Красавчигім», «красавицамсың» деп айтады. Соған құмар қазір. «Молодой, достарым золотой» дегендер елдің құлағында қалсын деп, бізді шұбарландырып, әбден құртып бітті», – дейді Мейрамбек Беспаев.

Серіктес жаңалықтары