Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді

3-4 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді
istockphoto.com
441

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде елордада балабақшалар жұмыс істемейді.

Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді, - деп жауап берді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 3-4 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.

Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түркіменстан мемлекеттері мен үкіметтері, сондай-ақ ШЫҰ елдерінің басшылары қатысады. ШЫҰ аймақтық терроризмге қарсы құрылымдарының Бас хатшысы және Атқарушы директоры.

Серіктес жаңалықтары