299
Жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды
Жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды
Еліміздің бас қаласы – Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Жемқорлыққа қарсы мобильді топтың құрамына «Нұр Отан» партиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның өкілдері, спорт және өнер салаларында еңбек ететін 8 адам еніп отыр.
Астанада құрылған мобильді топ аптасына екі рет, яғни сейсенбі және бейсенбі күндері жұмыс істейді. Олар мемлекеттік және құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындары мен әлеуметтік ұйымдарға барып, қызметкерлерімен ашық әңгімелеседі. Сондай-ақ, мобильді топ қала көшелерін арнайы автобуспен аралап, кез-келген азаматқа кеңес бере алады.
Айта кетейік, жаңадан құрылған топ мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астанадағы департаментінің қолдауымен жасақталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – пилоттық жоба. Енді мұндай топтар еліміздің басқа да өңірлерінде құрылады.
«Қазір біз бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа алдын алу бойынша шаралар өткізіп жатырмыз. Сол үшін біз арнайы мобильді топты шақырдық. Оның мүшелері біздің қызметкерлердің көкейіндегі барлық сұрақтарға жауап берді. Біздің ойымызша, мұндай кездесулер әскери азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға сеп болады», – дейді Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ресми өкілі Мәди Мұқан.