644
Қостанай облысындағы су басқан аумақтан 36 жастағы ер адамның денесі табылды
Қостанай облысында тағы бір адам суға батып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады, деп жазды turkystan.kz.
Оқиға 17 маусым күні Рудный қаласындағы Тобыл өзенінен 660 метр қашықтықта болған.
Департамент құтқарушылары су басқан аумақтан 36 жастағы ер адамның мәйітін шығарды.
Қазіргі уақытта ер адамның су басқан аумаққа не себепті барғаны анықталып жатыр.