Павлодарда ірі көлемде пара алған шенеунік сотталды

Ол «KSP Steel» ЖШС-не ірі айыппұлдардан құтылуға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік тексерулерін оңай өтуге көмектеспек болған.

Павлодарда ірі көлемде пара алған шенеунік сотталды
istockphoto.com
384

Лауазымды тұлға жергілікті ірі кәсіпорынға ірі айыппұлдардан құтылуға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік тексерулерін оңай өтуге көмектеспек болған. Сотталушы өз кінәсін мойындап, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік департаментінің Павлодар облысы бойынша салааралық бақылау және қадағалау департаментінің бөлім басшысы 1,4 млн теңге пара алғаны үшін 3 жылға сотталды. Ол «KSP Steel» ЖШС-не ірі айыппұлдардан құтылуға, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік тексерулерін оңай өтуге көмектеспек болған.

«Сотталушы 2021 жылдың желтоқсаны мен 2023 жылдың қарашасы аралығында Павлодар облысы бойынша салааралық бақылау және қадағалау департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы заңнамасының сақталуына тексеру жүргiзу және жауапты тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiндегі шараларды қолданбаған. Бұл үшін «KSP Steel» ЖШС бас техникалық басшысынан 1 млн 399 мың теңге сомасында пара алған», деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары