«Ертіс» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті
"Ертіс" футбол клубы мен команданың бас бапкері Сергей Якушин екі жақтың келісімі бойынша еңбек қатынасын тоқтатты.
Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы бас бапкер Сергей Якушинмен арадағы еңбек шарты бұзылғанын мәлім етті.
Якушиннің жетекшілігімен "Ертіс" биылғы маусымда 9 кездесу өткізіп, 6 рет жеңіске жеткен. "Ертіс" футбол клубы мен команданың бас бапкері Сергей Якушин екі жақтың келісімі бойынша еңбек қатынасын тоқтатты.
"Бас бапкер Сергей Якушинмен еңбек шарты бұзылды. Біз Сергей Александровичке командамен жасаған жұмысы үшін алғыс айта отырып, келешек істеріне сәттілік тілейміз. Оның жетекшілігімен "Ертіс" биылғы маусымда 9 кездесу өткізіп, 6 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ 1 рет тең түсіп, 2 рет жеңілді", - деп хабарлады футбол клубынан.
"Ертіс" командасы соңғы рет семейлік "Елімайдан" 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Павлодарлық клуб екінші лигадағы турнир кестесінде 19 ұпаймен көш бастап тұр.