Павлодарлық әйел 3-қабаттан құлап, ағашқа ілініп қалған (ВИДЕО)

Құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Павлодарлық әйел 3-қабаттан құлап, ағашқа ілініп қалған (ВИДЕО)
ТЖМ/скриншот видеодан
305

Павлодар облысында 34 жастағы әйел терезеден құлап, ағашқа ілініп қалды.

ТЖМ құтқарушылары пәтерден құлаған әйелге көмекке келді.

Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді.

Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Серіктес жаңалықтары