Мемлекеттік қызмет мақсатқа жетелейді
Университет бітіре сала мемлекеттік қызметке араласу – тек өзіңнің мансаптық өсуіңе ғана емес, өмірдегі бар қиындыққа төтеп беру, біліміңді шыңдап, білігіңді танытатын мол мүмкіндік.
Замандастарыма қарап отырсам, әрине, шетел асып, білімін жетілдірген таланттар, талапты жастар аз емес. Әркім әртүрлі еңбек жолын таңдап, болашағын бір саламен байланыстырғысы келеді. Мысалы, мемлекеттік қызметте жастай тез танылып, есімін жұрт білген адамдар аз емес. Қарапайым отбасынан шығып, қызметін қатардағы маман болудан бастағанымен, цифрландыру, бизнес пен экономиканың қыр-сырын меңгеріп келген дарынды талапшыл жастар Президенттік жастар кадр резервіне еніп, мемлекет саясатын тиянақты, жауапкершілікпен атқаруда. Мұндай бәсекеге қабілетті жас маман кез келген шаруаның шешімін тез таба білетіндігімен жоғары сұранысқа ие екені айтпаса да түсінікті.

Сондықтан болар, бала кезден мемлекеттік қызметшіні көз алдыма елестеткенде үнемі абыройлы, салмақты, білімді, интеллигентті тұлғаны көретінмін. Сол үшін де мемлекеттік қызметші болуға күннен-күнге қызығушылығым арта бастады.
Жалпы, философияда, әдебиетте экзистенциализм деген ұғым бар. Ол – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы, яғни адамның өзіндік Менін тануы – өмірдің мән-мағынасын түсіну. Менің тұлғалық болмысымды қалыптастыруға үлкен оқу ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті көп көмегін тигізді. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезде өзімді жоғалтпай, бірденнен мемлекеттік қызметке келуді ойладым. Мемлекеттік қызметке кірудегі талаптармен таныса бастаған кезде, Мемлекет басшысының еңгізіп жатқан жаңалығын теледидар арқылы бағдарламалардан көріп, қызығушылығыми оянды. Бүгінде мемлекетті қызметке кірудің жеңілдетілген жобалары, оңтайлы талаптары – жастар үшін жеңіл, әрі ешқандай моральдық ауыртпалықсыз өтетіні мен үшін қуатты қолдау болды, қатты қуантты. Себебі, кез келген жоғарғы оқу орнын аяқтаған түлектің жұмысқа еш кедергісіз кіруі – жас маманға айрықша мотивация, күш-жігер сыйлап, ертеңгі мақсатына үмітпен қарауына мүмкіндік береді.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан бұл қолдау мен шешім үлкен құрметке лайық деп санаймын. Жастардың бастапқы тәжірбиесіз мемлекеттік қызметке тағайындалып жұмыс жасаулары жастарды мансаптық өсуге ұмтылуға және қоғамды дамытуға, барлық азаматтар үшін қолайлы орта құруға ықпал ете отырып, мемлекеттік салаға инновациялық тәсілдерді енгізуге ынталандырады. Сонымен қатар, кадр тапшылығын азайтып, өңірлерде, ауыл, ауылдық округтерде әлеуметтік маңызы бар жобалармен жұмыс істеуге және ел мен қоғамның дамуына өз үлестерін қосуға ықпал ететіні анық.
Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалу – тек жас мамандарға ғана емес, сонымен қатар осы жаңалықты естіген жас түлектер мен болашақ мамандарға да үлкен ынта, қызығушылық тудыратынына сенімдімін. Мұны естіген студенттер оқуды үздік аяқтауға, үлгілі тәртіп көрсетуге тырысады, қатарының алды болуға ұмтылады. Мемлекет тарапынан өте ұтымды шешім, ойлы қадам деп түсінемін.
Мен, мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз тағайындалған жас маман ретінде жастарға осы мүмкіндікті дұрыс пайдалануын сұрар едім. Мен, мысалы, мемлекеттік қызметке келу арқылы өзімнің кәсіби-тұлғалық болмысымды жетілдірудемін. Мемлекеттік қызмет маған елдік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуге, өз күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді отанымыздың дамуына жұмсауға үйретуде. Өзімнің туған жеріме келіп, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының бас маманы болу – мен үшін үлкен мәртебе. Осындай жаңашылдық арқылы маған мүмкіндік сыйлаған мемлекетке алғысым шексіз. Себебі, бұл жаңашылдық – мемлекеттік қызметті сапалы жаңғыртудың негізі болары сөзсіз.
Айханым Серікова
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы