«Мемлекеттік қызметте емеспін»: Нұржан Төлендиев қазір немен айналысып жүргенін айтты

Өнер иесінің сөзінше, «Алдараспан» театры жуырда сапармен Өзбекстан еліне барады. Сондай-ақ, өзі жиі тойға шығатынын жеткізді.

459

Белгілі актер, асаба Нұржан Төлендиев «1001 түн» бағдарламасында шығармашылығы жайлы сұхбат берді. 

Өнер иесінің сөзінше, «Алдараспан» театры жуырда сапармен Өзбекстан еліне барады. Сондай-ақ, өзі жиі тойға шығатынын жеткізді.

«Мемлекеттік қызметте емеспін.  Қазір үйде көп болмаймын, өйткені сапардамын. Үйде жатсам, бала-шағамды кім асырайды?! «Алдараспан» театры жылына гастрольдік сапарға бір рет шығады. Одан кейін тойға шығамын. Әуелі Алла, екінші халықтың ықыласы, сол кісілердің қолдауының арқасы. Той жүргізуге жиі шақырту аламын. Оны жасырмаймын, күнкөрісіміз той ғой. Ақ адал маңдай теріміз. Әдемі киініп алып, үш-төрт әнімізді алып, 5-6 миллион алып қайтпаймыз. Ерте барамыз, сол үйдің той егесінің әулетімен танысамыз. Сонымен 5-6 сағат аузың көпіріп жүргізесің. Асаба деген психолог болуы керек. Анаңдай адамға бейәдеп сөз айтпау керек. Бізде біреумен біреуді аунатып билетеді ғой. Менде ондай жоқ, мен ойын ойнатпаймын, басында келіскенде солай айтамын», – деп айтты актер.

Серіктес жаңалықтары