Ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасының ақтық сынына 1 000 бала қатысты

IQanat - білім мен ынталандыру түрінде күшті бастапқы мүмкіндіктер беру арқылы ауыл балаларының өмір сүру деңгейін өзгерткісі келетін 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы.

Ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасының ақтық сынына 1 000 бала қатысты
Фото: IQanat баспасөз қызметі
617

8 ай бойы бүкіл Қазақстан бойынша ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасы өтті. Бірінші кезеңге қатысқан 50 мыңнан астам оқушының ішінен ең қабілетті және ынталы 1000 бала суырылып шықты. Олардың арасында Алматыда көптен күткен финал ұйымдастырылып, шара 15-21 маусым аралығында, бір аптаға жуық уақытқа созылды.  

1 000 бала қазірдің өзінде «IQanat - Мың бала» деген атқа ие болып кетті - бұл IQanat қамқорлығына алынатын балалардың рекордтық санының белгісі.

 IQanat - білім мен ынталандыру түрінде күшті бастапқы мүмкіндіктер беру арқылы ауыл балаларының өмір сүру деңгейін өзгерткісі келетін 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы. Жобаны қолдайтын қамқоршылардың қатарында Тимур Турлов, Айдын Рахымбаев, Арсен Томский, Бауыржан Исабаев, Марат Жұман, Серік Төлбасы, Сергей Кан, Асхат Омаров, Қанат Көпбаев, Дәулет Нұржанов пен Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі басқа да көптеген танымал қайраткерлер бар. 

Медеудегі концерт

IQanat 2024 олимпиадасының қорытындысы биылғы жылы Медеу таулы спорт кешенінде өткен салтанатты марапаттау рәсімі болды. Мұнда барлық балаға арнап танымал әнші Әmre ән шырқады.

Марапаттау рәсімі әрқашан балалар үшін ең тебіреніске толы сәт екені анық. Медеуде IQanat қамқоршылары барлық шығынды толық өтей отырып, Бурабайдағы IQanat мектеп-насионатында оқитын 100 баланы атады.

Тағы жүз бақыты жанған өрен IQ Advance жоғары оқу орындарына арнайы тереңдетілген дайындық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Қалған 800 финалист Олимпиададан кейінгі IQIP (IQANAT Intensive Program) бағдарламасының қатысушылары қатарына еніп, оның шеңберінде үш жыл ішінде тәжірибелі оқытушылар, тәлімгерлер мен кәсіби бағдар берушілер балаларды ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындайды, ағылшын тілін үйретеді, сондай-ақ болашақ мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.

IQanat бағдарламаларының арқасында балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.

Түркістан облысындағы Темірлан ауылынан келген 14 жастағы Бақтияр Қылышбай IQanat мектебінде оқуға мүмкіндік беретін грант иегерлерінің бірі атанды:

«Грант иеленгенімді естігенде, сахнада жылапжібердім. Содан кейін бірден анама қоңырау шалып, бүкіл үлкен отбасымызды қуанышқа бөледім. Ата-анам мені бүгінгідей ешқашан соншалық мақтан тұтқан емес шығар. Бұл менің өмірімдегі ең тамаша оқиға ретінде есімде қалатыны даусыз. Арманым - Гарвардқа түсу. Маған сену қиынға соғар, бірақ мен IQanat бұған қол жеткізуге көмектесетінінін сеземін. Себебі айқанаттықтардыңқаншалықты биікке самғағанын жақсы білемін».

 «Маңғыстау облысындағы шағын ауылдың тумасымын. IQanat арқасында қазір еліміздегі ең үздік университеттердің бірі – ҚБТУ-да екінші курста оқып жатырмын. Мүлдем тегін негізде. Бірнеше жыл бұрын бұны елестете алмаушы едім, қазір барлық арманым орындалды. IQanat-та мықты білім алып, достар мен тәлімгерлер таптым және нағыз үлкен отбасы мүшесі атандым. Енді борышымды өтеп, басқа балаларға тиісті биік белестерді еңсеруге көмектесу үшін Олимпиадаға ерікті ретінде келдім», - деді IQanat мектебінің түлегі Ернұр Төлегенов.

Олимпиада аясында барлық апта ішінде тестілеудің өзі бір күн ғана өтетінін атап өтейік. Қалған уақытта балалар нағыз зияткерлік және жігерлендіретін шыңдалудан өтті. Бұл өскелең ұрпақ өкілдері үшін бірегей мүмкіндік. Себебі балалардың көбі ауылынан алысқа шыға қоймайтыны мәлім.

Дәрістер мен саяхат, ғылыми зерттеулер

Балалар үшін сарапшылар медиасауат, AI және дизайн сана, шешендік шеберлік, қаржылық және құқықтық сауат, қызмет таңдау сияқты тақырыптар бойынша дәрістер өткізді. Сонымен қатар оқушылар ғылыми сынақтарға қатысты. Жасөспірімдердің көкжиегін одан әрі кеңейтіп, қызыққа батыру үшін ұйымдастырушылар Алматы қаласындағы ботаникалық бақ пен орталық мемлекеттік мұражайға саяхаттар қарастырды.

Жігерлендіруші кездесулер

Мектеп оқушыларын шабыттандыру үшін олармен қамқоршылар қатарынан кәсіпкерлер мен инфлюенсерлер кездесті. Мысалы, айқанаттықтармен жүздесуге режиссер, «Ирина Қайратқызы» тобының бұрынғы мүшесі Қуаныш Бейсек, кәсіпкерлер мен меценаттар Қанат Көпбаев, Дулат Тастекей, Айдос Таңсыққожин және басқалар ат басын бұрды.  

Жобаның қамқоршылары IQanat ауыл балаларының патриотизм рухында тәрбиеленген, қоғамға оң үлес қосуға дайын жауапты, ой-санасы сергек және табысты көшбасшылар болып ер жетулері үшін осындай үлкен күш-жігер жұмсайтынын атап өткіміз келеді.

Серіктес жаңалықтары