Заманауи кино саласындағы тақырыптық ізденіс

Табыс­қа жетелейтін ізденіс жолындағы ты­ным­сыз тірліктің іркілмегені абзал, уа­қыт­тан ұтылмағандығымыз алдымен же­ке басымызға, қалды ұлттық кино өне­­­­ріміздің ұпайын түгендейтін тиімді жол.

Заманауи кино саласындағы тақырыптық ізденіс
коллаж: turkystan.kz / Елдар ҚАБА
453

Қазақ киносының тарихы өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастау алып, бүгінге дейін өзінің жанрлық, тақырыптық тұрғысынан көптеген түрлену, даму сатысынан өтті, мазмұндық жағынан жаңаша стилін қалыптастырды. Бұны біз – қазір прокатқа шығып жатқан көптеген фильмнен және көрерменнің оған деген жылы көзқарасынан анық аңғара аламыз. Жалпылама алғанда, заманауи продюсерлер фильмдерін жаңаша эксперименттік тұрғыда түсіріп, отандық кинематографияның бағыт-бағдарын жетілдіре түсуде. Бұл талпыныстың бірден-бір басты себебі, біз бастан кешіп отырған қоғамның ұшқыр уақыт ағымына қарай талғам-түсінігінің күрт өзгеріске ұшырауы. 

Соңғы он жылдың бедерінде ғылыми тех­­нология да, адами сана да дамудың даң­­ғыл жолына түсті, кешегі бәріміз таң­ғал­ған «жаңалықтар мен кереметтер» көз ал­дымызда ескірді, көнерді. Оның ор­ны­на адам психологиясындағы аласапыран арпалысты сезімдерді баяндайтын баяғы көп томдықтар мен көп сериялы фильм­дер­дің емес, шағын жанрды көркем шы­­ғармалармен-ақ көп түйінді тарқата ала­тындай әдіс-тәсілдер қолданысқа ба­тыл ене бастады. Көптеген дәстүрлі нор­ма, салт-сана, адами қарым-қатынас, жа­ңа мамандықтар, мемлекет пен халық ара­сындағы өзара түсіністік, эко­но­ми­ка­лық-әлеуметтік мәселелер және тұр­мыс­тық мінез-құлықтың өзгеру процесі біз қалайық, қаламайық осындай жаңа­шыл­дықты мойындауымызға тура келді. Осы секілді қоғамдық өзгеріс, ойлау қа­бі­­летіміздің жаңа сатыда дамуы тікелей ки­но саласына да әсер етті. Еліміз тәуел­сіз­дік алған сәтте кино өндірісінде де б­ұ­рын-соңды болмаған үлкен бетбұрыс­тар жасалды. Жасырары жоқ, алғашқы қа­дамды авторлық режиссерлер бастады. Со­ның бірі – ауыз толтырып айтарлық­тай өзіндік дәрежеге жеткен Дәрежан Өмір­баевтың фильмдері еді. Өзінің тал­ғамы биік режиссерлік стилімен қоғам­ның әлдекімдер үшін «жұмбақ» болып келген ішкі сырын барынша аша отырып, ки­нодағы тақырып алуандылығын кеңейт­­ті. Оның тоқсаныншы жылдардан бас­тап түсірген «Кардиограмма», «Шілде», «Киллер», «Студент», «Қайрат», «Ақын» се­кіл­ді бүгінгі күннің өзекті тақырып­та­рына айналған фильмдері әлгі айтқаны­мыз­ға толықтай дәлел бола алады.
Қазақ киносындағы тақырыптық түр­­лену процесін ең алдымен жанрлық жа­­ғынан қарастырсақ, заманауи фи­льм­дердің бір емес, бірнеше сатыға бөлініп, тү­бірлі өзгерістерге ұшырағанын аң­ға­ра­мыз. Бірден айтып кететін жайт, бұ­рын-соңды кезікпеген қайшыласқан сю­­­жетке толы драма мен комедия әр шы­ғарманың өзекті жұлынына айналды. Дра­ма жанрындағы түрлену соңғы он жыл­дың бедерінде бірден оза шауып, бас­қа өрлемей-ақ жай бүлкіл аяңмен өмі­­­­рімізге батыл ене отырып, қоғамда бо­лып жатқан алас-қапас мәселелердің іш­кі өзегін ақтарып, болған оқиғаларды шы­найылықпен жан-жақты көрсете біл­ді. Соңғы жылдары жарыққа шыққан Фар­хат Шәріповтың «18 килогерц», «Схе­ма»; Әділхан Ержановтың «Голиаф», «Чер­ный, черный человек»; Айжан Қа­сым­бектің «От»; Асқар Ұзабаевтың «Ба­қыт» секілді бірегей туындылары көрер­мен қошеметіне бөленді. Экраннан әлі күнге дейін түсе қойған жоқ. Тақырыптық және жанрлық тұрғыдан ерекшеленген Ай­сұлтан Сейітовтың «Қаш» атты карти­на­сы жалпы халықтық тұрғыдан талдау­ға тұрарлық бірегей туынды. Жанрлық түр­лену жағынан қарасақ, тарихи дра­ма­лық хоррор. Қазақ халқын қынадай қыр­ған ашаршылық дәуірінің көзге жас алдыратын сұрқия зұлматын сан түрлі оқиғалар астарымен суреттей отырып, кіш­кентай ғана бір оқиғаны көрсету ар­қылы, бүкіл ұлттың басына түскен ауырт­палықты шыншылдықпен баян­дау­ға тырысады. Және ол мақсаты дітте­ген жерден шыққан. Осы тұста Қуаныш Бейсековтың «Дәстүр» атты картинасы да көпшілік қошеметіне бөленген айтары бөлек туынды. Фильмнің аты айтып тұр­ған­дай, бір отбасының талайлы тағдыры, бел­гілі бір жағдайларға орай діни көз­қа­растары әртүрлі қалыптасқан адамдар­дың тыныс-тіршілігі жетекші орынға шық­қанымен, өмір шындығы олардың іс-әрекеттерін басып-жаншып, көрер­мен­ді тың ойларға жетелейді. Толған­ды­рады, жіберген кемшіліктерден орынды са­бақ алуға үндейді. 
Ал комедия жанрдағы түрлену мә­се­ле­сіне тоқталсақ, бұл жерде бәрі бір қа­лып­ты, бір ырғақпен түсірілген туын­ды­лар секілді елестейді. Фильм­дердің де­ні коммерциялық мақсатта түсіріл­ген­дік­тен, картиналар бір-бірінен анау айт­қандай ерекшеленбейді. Драмалық туын­дылардың әрқайсысы жеке бір та­қырыптық, нарратив, жанрлық, стильдік шешімдермен көмкеріледі де жаңа тұр­патты кино түсіру тәжірибесіне өзін­дік ты­ныс ашады. Турасын айтайық, ком­мер­ция­лық фильмдерді эксперименттік тұрғ­ыда алатын болсақ та, көзге бірден бай­қалатын көптеген мүмкіншілігі ба­рын аңғарамыз. Алдымен олардың бюд­жеті, автордың көптеген ойын ашық жет­­­кіздіруге деген дайындығы; екіншіден көп жанрлық ерекшеліктікті де молымен қолдана алатыны. Комедия жанрының та­қырыптық түрленуі Нұртас Адамбай­дың «Келинка Сабина» атты 2014 жылы шыққан комедиясынан бастау алады. Ол комедияның жаңа тақырып идеясын ай­қындай тұра, жаңа тренд жүргізді. Яғ­ни, ұлттық колоритті ала отырып, са­моирония тұрғысынан комедияның ты­нысын одан әрі аша түсті. Кейінгі өмір­ге келіп жатқан туындылар да осы әдіс-тәсілдерді қолданып, бірегей кар­тина-франшизаларды шығара білді. Нұр­лан Қоянбаевтың «Бизнес по-казах­ски», Ернар Нұрғалиевтің «Келінжан», «Брат или брак», Тимур Дулатовтың «Хотя бы в кино» және тағы сол сияқты ұқсас фильмдер комедияның түрлену мәселесін және халықтың ұлттық кодын айқындайтын туындылар десек те артық айтқандық болмас. 
Қазіргі заманауи қазақ киносындағы тақырыптық түрлену мәселесі әлі де тә­жі­рибе жинақтауды, үздіксіз ізденуді, кө­рермен талғам-таразысымен санасуды қа­жет етеді. XXI ғасырдың постмо­дер­нист­тік бағыты айқын және барынша тү­сінікті, бір өкініштісі қазақ кино өн­дірушілері өздерінің кино түсірудегі тә­лім-тәрбиесінің мол мүмкіндіктері ба­рын біле тұра, түбірлі өзгеріс жасауға, тың бастамаларды игеруге сәл тартын­шақ­тайтын тәрізді. Қоғам сұранысын қа­нағаттандырумен ғана шектеліп жүр. Біз бастан кешіп отырған шапшаң уақыт кейде ондай бейқамдықты да көтере бермейді. Ұлттық кинематографияда та­қырыптық тенденцияларды биік бе­лес­ке көтеруге мүмкіндіктер мол. Табыс­қа жетелейтін ізденіс жолындағы ты­ным­сыз тірліктің іркілмегені абзал, уа­қыт­тан ұтылмағандығымыз алдымен же­ке басымызға, қалды ұлттық кино өне­­­­ріміздің ұпайын түгендейтін тиімді жол. 
 

Бексұлтан Мырзалы, 
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, 
«Өнертану» факультетінің студенті

 

Серіктес жаңалықтары